«Адал азамат – ел болашағы» кітап көрмесі
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
«Адал азамат – ел болашағы»
кітап көрмесі
анықтамасы
Өткізілген күні: 5 қырқүйек 2025ж.
Өткізілген орны: : мектеп кітапханасы
Мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және елжандылыққа тәрбиелеу; кітап оқу арқылы рухани байлыққа жетелеу және отансүйгіш, адал азамат бейнесін қалыптастыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2025 жылы қыркүйек айының 5 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында мектебіміздегі кітапханада «Адал азамат – ел болашағы»
кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ және әлем әдебиетіндегі адалдық пен ар-намыс тақырыбын қозғайтын кітаптар қойылды. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», Төлен Әбдік пен Дулат Исабеков шығармалары көрмеге енгізілді. Көрме барысында оқушыларға авторлар туралы мәлімет беріліп, «Адал азамат деген кім?» тақырыбында ойталқы ұйымдастырылды. Оқушылардың кітапқа, әдебиетке деген қызығушылығы артты, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық сынды адамгершілік құндылықтар туралы түсініктері кеңейді. Іс-шара жас ұрпақты адалдық пен әділдікке тәрбиелеудің, елін сүйетін тұлға қалыптастырудың тиімді құралы болды.

