«Кітап алтын қазына!» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап алтын қазына!»
04
февраль
2022

«Кітап алтын қазына!»

Өткізілген күні: 04.02.2022 ж.
Өткізілген орны:мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 2 - 4 сыныптар
Мақсаты
1.Оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін бастауыш сыныптан дағдыландыру;
2.Оқушыны күштеп емес,ерікті түрде кітап оқуға машықтандыру;
3. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;
4. Сөздік қорын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
5. Оқушының рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып,жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға болуына жол ашу.
  Дана халқымыз «Кітап-алтын қазына»-деп,баға берсе, кітапхананы  іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едік.Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым,әрі тілсіз мұғалім –кітап.Сондықтан,тағылымы мол тәрбие ошағына айналып  отырған кітапхананың алар орны орасан зор.Кітаптың мазмұнын, көркемдік образын, танымдық материалын дәлме – дәл жеткізу, оқырманға қысқа да нұсқа ақпарат беру, оқыған кітап туралы мазмұнды сурет арқылы бейнелеу. Оқушылар арасында кітапты оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптың құндылықтарын насихаттау, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабілетін нығайтуӨтілуі: Кітапты жазушы – халқы және балалар үшін жазады. Кітап халқыңды  сүюге,  кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке және салт- дәстүрлерімізді қадірлеуге, қастерлеуге  баулиды. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да «Білімнің салтанат құруы», өмір бойы білім алудеп атап көрсетілген.Кітаптың мазмұнын, көркемдік образын, танымдық материалын дәлме – дәл жеткізу, оқырманға қысқа да нұсқа ақпар беру, оқыған кітап туралы мазмұнды сурет арқылы бейнелеу мақсатында «Кітап оқу сәнді!»  ұранымен бастауыш сынып оқушылары арасында оқыған кітаптар иллюстрациялары жасалды. Жалпы «Иллюстрация» сөзі латынның «illustratio»сөзінен аударғанда хабарландыру, баяндау, көрнекі бейнелеу деген мағынаны білдіретінін ескере отырып, оқушылар оқыған кітаптан мағыналы эпизод, кейіпкердің портреті немесе оқиға туралы суреттер салып, оқырмандарға ұсынды. Бастауыш сынып  оқушылары  белсене қатысып өздері оқыған ертегі кейіпкерлерін бейнелеу арқылы суреттер салды.Атап айтсақ  2«А», 3«А», 3 «Б», 4«А» сынып оқушылары. Оқушылар заманмен ілесе отырып, рухани байлығымыз кітап оқуды да ұмытпаса екен дегім келеді.  Оқушылардың кітап оқу мәдениеті қалыптасты. Кітап оқуға деген қызығушылықтары артып, салған суреттерін ортаға салып талдауды үйренді. Абай атамыз айтқандай : «Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрсеге қашық бол» . Кітап жақсыны үйреніп,жамандықтан аулақ болуға шақырады.  Біз кітаптан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге аламыз.
Суретте іс – шарадан көрініс.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: