«Парасат» оқырмандар клубы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Парасат» оқырмандар клубы
Дулат Исабековтың «Гауһар тас»
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің «Парасат» оқырмандар клубында мектеп ұстаздары арасында Дулат Исабековтың "Гауһар тас" шығармасы бойынша пікірталас өткізілді. Іс-шара барысында ұстаздар шығарма мазмұнын терең талдап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдірді. Шығармадағы отбасы құндылығы, адамгершілік, сыйластық пен өмірлік ұстанымдар туралы мазмұнды ойлар айтылып, тәрбиелік мәні кеңінен талқыланды. Пікірталас барысында әр қатысушы шығармадағы негізгі идеяларға тоқталып, бүгінгі қоғаммен байланыстыра пікір алмасты. Мұндай әдеби кездесулер ұстаздардың рухани дүниесін байытып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түседі.


