29
январь
2026
«Парасат» оқырмандар клубы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Парасат» оқырмандар клубы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2026 жылы қантар айының 29 күнінде мектеп кітапханасында кітап оқитын ортаны қалыптастыру мақсатында «Парасат» оқырмандар клубының алғашқы отырысы өтті. Клуб мүшелері мектеп оқырмандарымен бірге көрнекті жазушы Таласбек Әсемқұловтің «Бекторының қазынасы» атты шығармасын оқып, жан-жақты талқылады.
Оқиғасы шым-шытырық, мазмұны терең бұл шығарма оқырмандарды адам тағдыры, өмірдің мәні мен рухани құндылықтар жайлы ой қозғап, терең толғанысқа жетеледі. Талқылау барысында оқырмандар өз пікірлерін еркін білдіріп, шығармадағы негізгі идеяларды саралады.


