Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесін талдау сабағы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерімен Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесін талдау сабағы
Анықтама
Мақсаты:Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемін таныстыру, «Қар қызы» повесінің мазмұнын, идеясын, кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқырмандардың әдеби талдау, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде 2025 жылдың қазан айының 29-ы күні, күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп мұғалімдерімен «Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» шығармасының өзектілігі» тақырыбында пікір алмасу өткізілді. Іс- шара мектеп кітапханашысының бастамасымен , « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс- шараға мектеп мұғалімдері қатысты. Сабақ барысында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, повестің негізгі оқиғасы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасады. Әсіресе, «Қар қызы» бейнесі арқылы табиғат пен адам жанының үйлесімін, рухани тазалық пен мейірімнің мәнін түсінді. Айтжанова Гүлнар – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оралхан Бөкейдің көркем тілін, туындыдағы философиялық терең ойды оқырмандарға әсерлі жеткізе білді.Оқырмандардың әдеби талдауға, өз ойын еркін жеткізуге, көркем сөзді түсінуге деген қызығушылығы артты.Сабақ барысында заманауи әдістер тиімді қолданылып, жас маман үшін тәжірибе алмасу алаңы болды.
