Оқушыларға жолда жүру ережелерімен таныстырылды » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларға жолда жүру ережелерімен таныстырылды
24
февраль
2026

Оқушыларға жолда жүру ережелерімен таныстырылды

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп жанында орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған жолақта «Жас сақшы» тобы мен АӘжТД пәнінің мұғалімі Н.Шалданбаевтың ұйымдастыруымен тәжірибелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
- Оқушыларға жолда жүру ережелерін тәжірибе арқылы үйрету.
- Жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану тәртібін түсіндіру.
- Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдыландыру.
       Іс-шара барысында «Жас сақшы» тобының мүшелері жол қозғалысының белсенді қатысушысы ретінде шығып, мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін көрсетті. Н.Шалданбаев оқушыларға нақты нұсқаулар беріп, жол ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жүргізушілерге арнайы жадынама таратылып, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарау туралы ескерту жасалды.
    Іс-шара оқушылардың жолда жүру ережелерін практика жүзінде меңгеруіне ықпал етті. Жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл іс-шара тиімді өтті және оқушылар мен мұғалімдер тарапынан оң бағасын алды

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: