16
май
2025
«Жаяу жүруші, назар аудар!» және «Сен жол ережесін білесің бе?» тақырыптарында танымдық бейнероликтер көрсетілді.
2025 жылдың 16 мамыр күні мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімдері Ж.Бөкенбаева және А.Төлендиеваның ұйымдастыруымен 1-7 сыпып оқушыларына жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Жаяу жүруші, назар аудар!» және «Сен жол ережесін білесің бе?» тақырыптарында танымдық бейнероликтер көрсетілді.
Мақсаты:
- Оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру;
- Жаяу жүргіншілердің міндеттері мен қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру;
- Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік дағдыларын дамыту.
Бейнероликтерде жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, бағдаршам белгілерін сақтау, қоғамдық орындарда жолда өзін-өзі ұстау ережелері көрнекі түрде көрсетілді. Көрсетілімнен кейін оқушылармен пікір алмасу, сұрақ-жауап, «Жол ережесін қаншалықты білесің?» шағын викторина ұйымдастырылды.
Оқушылар жол қозғалысы ережелері бойынша маңызды ақпарат алып, жаяу жүргінші ретінде өздерінің міндеттері мен қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгерді. Іс-шара олардың жолда сақтықпен жүруіне және тәртіпке бағынуына оң ықпал етті.