«Онлайн ортадағы діни манипуляция: бала санасына төнген қатер» тақырыбында мектептің ата-аналар комитетінің төрайымдары мен белсенді оқушылары арасында профилактикалық жұмыс жүргізді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 24 ақпан күні облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемовтың 2026 жылғы 9 ақпандағы «Діни экстремизм мен терроризамнің алдын алу бойынша халық арасында өткізілетін профилактикалық жұмыстардың іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушысы, гуманитарлық ғылымның магистрі, дін саласындағы республикалық ақпараттық топтың мүшесі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы «Онлайн ортадағы діни манипуляция: бала санасына төнген қатер» тақырыбында мектептің ата-аналар комитетінің төрайымдары мен белсенді оқушылары арасында профилактикалық жұмыс жүргізді.
Іс-шара барысында тақырып жайлы арнайы презентация көрсетіліп, жастардың интернет желісінде экстремистік материалдарды танып білуіне және оларға қарсы тұруға бағытталған келелі ойлар ортаға салынып, тың ақпараттар айтылды. Соңында спикер ата-аналардың және оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, көптеген мәліметтермен алмасты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
![]() | |||
![]() | |||


