«Ауғанның отты жалыны» атты тағылымды кездесу өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ауғанның отты жалыны» атты тағылымды кездесу өткізілді
20
февраль
2026

«Ауғанның отты жалыны» атты тағылымды кездесу өткізілді

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 20 күні Ауған соғысы ардагерлерімен  «Ауғанның отты жалыны» атты  тағылымды кездесу өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты – оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру, ерлік пен батырлықтың мәнін түсіндіру, аға буынның өмір жолынан үлгі алу.

Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Абилхаиров Серік Артықбаевич, Мухтанов Сексенбай Шоқыбаевич, Ауғанов Бағдаулет Набиевич шақырылып, олар өздерінің әскери қызмет кезеңіндегі естеліктерімен бөлісті. Атап айтқанда, 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысы жылдарындағы қиындықтар, жауынгерлік жол, достық пен бауырмалдық туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Оқушылар ардагерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық сұхбат алаңында еркін пікір алмасты.

Шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды. Оқушылар патриоттық өлеңдер айтып, би биледі. Кездесу жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттыруға зор ықпал етті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: