«Ауғанның асуында от кешкендер…» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
«15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күніне» орай мектепте оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, патриоттық тәрбие беру мақсатында 17 ақпан күні «Ауғанның асуында от кешкендер…» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгер Қайырходжаев Қажымұхан Сұлтанұлы шақырылды. Ол өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс жайлы айтып, жолдастарынан айырылу күйініштерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.