«Инклюзивті білім беру: ата-аналарға маңызды ақпарат» тақырыбында ата-аналарға консультациялар ұйымдастыру туралы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде желтоқсан айында инклюзивті білім беруді қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау және ата-аналардың ақпараттық-психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Инклюзивті білім беру: ата-аналарға маңызды ақпарат» тақырыбында консультациялар ұйымдастырылды. Консультацияның мақсаты – ата-аналарды инклюзивті білім берудің мазмұны мен қағидаттарымен таныстыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жолдарын түсіндіру және мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара барысында:
- инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері түсіндірілді;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау түрлері таныстырылды;
- баланың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, үй жағдайында қолдау көрсету жолдары ұсынылды;
- ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, жеке кеңестер ұйымдастырылды;
- толеранттылық пен қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде ата-аналардың инклюзивті білім беру туралы түсінігі кеңейіп, мектеппен байланысы нығая түсті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы консультациялық қолдау жүйелі түрде жалғасады.
