Инклюзия және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын бейімдеу мәселелері бойынша сабақтар ұйымдастыру туралы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Инклюзия және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын бейімдеу мәселелері бойынша сабақтар ұйымдастыру туралы
15
октябрь
2025

Инклюзия және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын бейімдеу мәселелері бойынша сабақтар ұйымдастыру туралы

   Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде  қазан айында  инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру ортасына тиімді бейімдеу және педагогтерге педагогикалық қолдау көрсету мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған жұмыстардың негізгі мақсаты – білім алушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау, толерантты қарым-қатынас қалыптастыру, ата-аналар мен педагогтердің  инклюзивті білім беру туралы ақпараттық сауаттылығын арттыру және психологиялық қолдау көрсету.

Сабақтар барысында:

  • инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары түсіндірілді;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жолдары қарастырылды;
  • бейімдеу кезеңіндегі психологиялық қиындықтарды жеңу тәсілдері талқыланды;
  • педагогтарға тиімді оқыту әдістері мен саралап оқыту тәсілдері ұсынылды.

Сонымен қатар білім алушылар арасында өзара құрмет, қолдау көрсету, кемсітушіліктің алдын алу тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Педагог-психолог тарапынан жеке және топтық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: