ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылған мектеп директорларымен өткізілген семинар » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылған мектеп директорларымен өткізілген семинар
27
февраль
2024

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылған мектеп директорларымен өткізілген семинар

   Шымкент қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылған  мектеп директорларымен өткізілген семинарға  қатыстым. «Заманауи мектепті басқару: трендтер мен болашақ» тақырыбындағы семинарда  орта білім берудің өзекті мәселелері мен озық тәжірибе таратуға арналған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев  білім беру сапасын арттыру бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан міндеттер мен шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жайлы орта құру, цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру және т.б. мәселелер сөз болды. 
Бұдан кейін кездесу TEDx форматында жалғасты. Оған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, отандық білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты. Педагогтерді аттестаттаудан өткізудегі өзгерістер мен жаңа ережелер,жаңа платформадағы бағалау өлшемшарттарына, білім беру саласында тәрбиеге басымдық беру керектігіне  де тоқталып өтті. 
Кездесуге барлығы 800-ге жуық мектеп, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты. Ауқымды іс-шарада  менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, құнды ақпараттар алдым.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: