«Отбасылық ертегі кеші» тәрбиелік-танымдық сабақ
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
"Балалар кітапханасы"бағдарламасын іске асыру бағытында
қысқы демалыс кезінде
«Қыcта оқы,ойлан,арманда!» атты іс-шара
«Отбасылық ертегі кеші» тәрбиелік-танымдық сабақ
Анықтама
Өткізілген күні: 05.01.2026ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 1-4 сынып оқушылары,ата-аналар
Мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, ертегі арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау және ата-аналардың кітапхана жұмысына белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында қысқы демалыс кезеңінде мектеп кітапханасында «Отбасылық ертегі кеші» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараға бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Кеш барысында ата-аналар мен балалар сүйікті ертегілерінен үзінділер оқып, ертегі кейіпкерлері туралы ой бөлісті. Ата-аналар «Отбасылық ертегі кеші» іс-шарасын мазмұнды әрі пайдалы деп бағалады. Шара балалардың кітапқа қызығушылығын арттырып, отбасымен бірге ертегі оқуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті.
