«Бір өлең-бір сурет»» байқауы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасын «Балалар кітапханасы» бағдарламасын
жүзеге асыру бағытында
«Бір өлең-бір сурет»» байқауы
Анықтама
Байқаудың мақсаты – оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлең мазмұнын бейнелеу арқылы көркемдік ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық қабілеттерін қолдау.
2025 жылы қараша айының 24-шы жұлдызында «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 4-сынып оқушылары арасында «Бір өлең – бір сурет» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқау барысында оқушылар өздері таңдаған өлеңді оқып, оның мазмұнына сәйкес сурет салды. Әр оқушы өлеңнің идеясын көркем түрде бейнелеуге тырысып, өз қиялын ашық көрсетті. Жұмыстар мазмұны, көркемдік сапасы және өлеңмен үйлесімі бойынша бағаланды.Іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, әдебиет пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын күшейтті.


