«Үздік оқырман отбасы» атты облыстық бейнеролик байқауы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік оқырман отбасы» атты облыстық бейнеролик байқауы
21
ноябрь
2025

«Үздік оқырман отбасы» атты облыстық бейнеролик байқауы

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ

 «Оқуға құштар мектеп» жобасын  «Балалар кітапханасы» 

бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 

«Үздік оқырман отбасы» атты облыстық бейнеролик байқауы

Анықтама

Өткізілген күні: 21.11.2025 ж.

Өткізілген орны: Жанұясы 

Қатысушылар: 1 –11 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында.

 Байқаудың Мақсаты:Отбасылық кітап оқу мәдениетін дамыту, ата-ана мен баланың бірлескен оқу әрекетін қолдау, оқуға деген қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік беру және үздік оқырман отбасыларын анықтап, олардың тәжірибесін кеңінен насихаттау.


                     Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебынде 2025 жылы қараша    айының 21 күнінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында  «Үздік оқырман отбасы» атты облыстық бейнеролик байқауы өтті.Мектеп аясында ұйымдастырылған «Үздік оқырман отбасы» атты байқауға 4 отбасы қатысып, өздерінің оқу мәдениетін, кітапқа деген қызығушылығын және отбасылық оқу дәстүрін таныстырды. Байқау барысында отбасылар кітап оқу бойынша шығармашылық жұмыстарын, әдеби шығармалардан үзінділерді және жеке оқырман жетістіктерін көрсетті.Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алған Жетпіс отбасы М. Әуезовтің «Көксерек» повесін таңдап, шығарма бойынша мазмұнды талдау жасап, көркемдік ерекшеліктерін көрсетті. Отбасы бұл туынды арқылы ұлттық әдебиеттің тереңдігін, көркем ой байлығын және оқуға деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде дәлелдей алды. Мектепішілік кезеңде бірінші орынды жеңіп алған отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, мектеп намысын қорғады. Облыстық «Үздік оқырман отбасы» байқауында да белсенділік танытып, әдеби тапсырмаларда үздік нәтиже көрсетіп, екінші жүлделі орынды иеленді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: