«Сенің сүйікті шығармаң» оқушылардан сауалнама » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сенің сүйікті шығармаң» оқушылардан сауалнама
12
ноябрь
2025

«Сенің сүйікті шығармаң» оқушылардан сауалнама

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Сенің сүйікті шығармаң» оқушылардан сауалнама Анықтама Сауалнама мақсаты — оқушылардың сүйіп оқитын әдеби туындыларын анықтау, олардың оқу мәдениеті мен әдеби талғамын зерттеу. 2025 жылы қараша айының 12-шы жұлдызында «Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында 8-сынып оқушылары арасында «Сенің сүйікті шығармаң» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша бірқатар оқушылар өздері ерекше қызығушылықпен оқыған шығармаларын атап өтті.Алламбай Нұрбақыт Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романын сүйікті шығармасы ретінде көрсетіп, шығарманың ана образы мен соғыс жылдарындағы адамның қиын тағдыры терең әсер еткенін айтты.Рзахмет Дина Абайдың қара сөздерін ұнататынын, әсіресе адам болмысы мен тәрбиесі туралы ойлары өзіне жақын екенін жеткізді.Зарип Индира Джоан Роулиңнің «Гарри Поттер» сериясын өзінің сүйікті шығармасы ретінде көрсетті.Индира бұл кітапты сиқыр әлемінің қызықты оқиғалары,достық,батылдық және мейірімділік сияқты тақырыптардың берілуі үшін жақсы көретінін айтты.Сауалнама нәтижесі оқушылардың әдеби талғамы кең, классикалық және заманауи шығармаларға қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: