«Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені
«Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені
2025 жылдың 19 қараша күні прокуратура мен ішкі істер органдары бірлесіп «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені атты форум өткізді. Форум мақсаты: жастардың құқықтық санасын арттыру,заңға құрметпен қарап, мәдениетін қалыптастыру. Форумға аудан прокуратурасы,облыстық полиция департаментінің қызметкерлері,аудан әкімдігі,білім беру ұйымдарының өкілдері мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер , сонымен қатар, жас сақшылар қатысты. Форумда мобильдік топ мүшелері бірқатар өзекті тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар, есірткіге қатысты қылмыстар тұрмыстық зорлық-зомбылық,буллинг,кибербуллинг,бопсалау,интернет алаяқтық туралы ақпарат берді. 
