Әскери мектеп-интернаттарының оқу бағыттары мен тәртіп ережелері туралы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әскери мектеп-интернаттарының оқу бағыттары мен тәртіп ережелері туралы
03
октябрь
2025

Әскери мектеп-интернаттарының оқу бағыттары мен тәртіп ережелері туралы

2025 жылдың 3 қазан күні 7, 8, 9, сыныптың ер балаларына арналған Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған әскери мектеп-интернаттарына оқуға түсу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты:
- Әскери мектеп-интернаттарының оқу бағыттары мен тәртіп ережелері туралы мағлұмат беру.
- Әскери қызметке қызығушылығы бар оқушыларға кәсіби бағдар беру.
- Құжат тапсыру тәртібі мен талаптарын түсіндіру.
Түсіндіру жұмыстарын алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі мен мектеп әкімшілігі жүргізді. Оқушыларға Қазақстан Республикасындағы әскери бағыттағы мектеп-интернаттар (мысалы, Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери мектептер) туралы мәлімет берілді. Қабылдау талаптары, емтихан кезеңдері, қажетті құжаттар тізімі, денсаулық талаптары мен оқуға түсу мерзімдері түсіндірілді. Қызығушылық танытқан оқушылармен жеке әңгімелесу жүргізіліп, бағыт-бағдар берілді.
Іс-шара барысында оқушылар әскери мектептерге оқуға түсу мүмкіндіктері жайлы нақты әрі пайдалы ақпарат алды. Бірнеше оқушы қызығушылық білдіріп, ата-аналарымен кеңесіп, дайындық жүргізуге ниет білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: