5 күндік оқу-далалық жиыны » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 күндік оқу-далалық жиыны
30
май
2025

5 күндік оқу-далалық жиыны

Ағымдағы жылдың 26-30 мамыр аралығында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 10 сыныптың (ер балаларына) арналған 5 күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылып, сәтті өткізілді.
      Оқу – далалық жаттығу жиынының мақсаты:
-    Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту.-    Оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан шыңдау.-    Әскери іс-қимылдар мен алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.-    Жасөспірімдерді елжандылыққа, тәртіпке және жауапкершілікке баулу. 5-күндік оқу-далалық жиынына 10 сынып оқушыларының 10 ұл баласы 100 пайыз қатысты. Жиын барысында оқушылар саптық дайындық, әскери жарғылар, қару-жарақпен танысу, далалық жағдайдағы өмір сүру негіздері және алғашқы көмек көрсету сабақтарынан өтті. Сондай-ақ, спорттық жарыстар мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылардың физикалық және психологиялық төзімділіктері сыналды.
     5 күндік оқу-далалық жиын оқушылардың әскери білімін бекітіп, ұжымдық жұмыс, тәртіп және жауапкершілік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, қатысушылар жағымды әсер алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: