Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, бопсалау мен буллингтің алдын алу » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, бопсалау мен буллингтің алдын алу
24
октябрь
2025

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, бопсалау мен буллингтің алдын алу

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 22 қазандағы №1987 хатына сәйкес 2025 жылдың 24 қазан күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың күзгі демалысқа шығуына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Л.Кокрекбаева,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Канибетова, директордың құқықтық -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тлембаева, АӘжТД пәнінің мұғалімі Н.Шалданбаев, сынып жетекшілер, 8–11 сынып оқушылары (110 білім алушы)  қатысты.
 Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, бопсалау мен буллингтің алдын алу, оқушылардың демалыс уақытындағы қауіпсіздігі, түнгі уақытта ата-ананың қадағалауынсыз көшеде жүрмеу туралы қатаң ескертті. Директордың құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. 
Тлембаева құқық бұзушылық пен буллингтің заңдық жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтті. Буллинг дегеніміз– әлеуметтік желі арқылы танысу арқылы қорқыту, зорлық көрсету, психологиялық шабуыл жасау, түрлі суреттер сұрау арқылы ақша талап ету, әсіресе кәмелеттік жасқа толмаған оқушыларға қауіпті екендігін түсіндіріп айтты

Мектеп директоры Л.Кокрекбаева оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: