«Баланың бас ұстазы-ата-ана» ата-аналар форумы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 қарашасында «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар форумы өтті. Форумның мақсаты: кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі заң талаптарын сақтау, жауапкершілігін арттыру. Форум аясында мектептегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып білім сапасын арттыру, «Үштік одақ» қағидасымен жұмыс істеу мәселелерін талқылау. Форумға қатысушылар:
Меркі АПБ басшысының кадр саясаты бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Баитимиров Б.Р.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Ж.Нуримова, мектеп әкімшілігі және ата-аналар. Форумға 50 ата-ана қатысты. Форум бағдарламасына сай келген ата-аналарды тіркеп, психологтар «Көңіл күй сыйлау» тренингін өткізді. Директордың құқтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тлембаева «Кәмелетке толмаған білім алушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу» шараларын талқылап, бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналардан кері байланыс парағы алынып, қандай ұсыныстары бар екенін жазып кетті. Меркі АПБ басшысының кадр саясаты бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Б.Баитимиров оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру,құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс істеу керектігін айтты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Канибетова «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі алатын орны», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құндылықтар және оның іске асырылу туралы айтып, таныстырылды. Мектеп психологы А.Нысанова «Бала мен ата-ананың қарым қатынасы» тақырыбында бейнеролик көрсетіп, психологиялық тренинг жүргізілді. Қорытынды сөзді мектеп директоры Л.Кокрекбаева ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қоршаған ортасын бақылау қажеттілігі жөнінде кеңестер берді.