Жалпы мектепішілік ата-аналар форумының кезектен тыс хаттамасы
«Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалпы мектепішілік ата-аналар форумының кезектен тыс
хаттамасы
Өткізілген күні: 18.11.2024ж Интернационал ауылы
Қатысқан ата-аналар саны: 50
Мұғалімдер саны: 20
Күн тәртібінде:
- Ата-аналарды тіркеу
- «Көңіл күй сыйлау» тренингі
- «Кәмелетке толмаған білім алушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу»
- «Зорлық-зомбылықтың алдын алу»тренинг
- «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі алатын орны», «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында
- Қорытынды сөз мектеп директоры Л.Кокрекбаева
Тыңдалды:
1.Бірінші мәселе бойынша форум бағдарламасына сай келген ата-аналарды тіркеп, психологтар «Көңіл күй сыйлау» тренингін өткізді.Мақсаты ата-аналарға психологиялық жағымды көңіл-күй орнату.
2. Екінші мәселе бойынша директордың құқтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тлембаева «Кәмелетке толмаған білім алушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу» шараларын талқылап, бейнеролик көрсетілді. Ата-аналардан кері байланыс парағы алынып, қандай ұсыныстары бар екенін жазып кетті. Меркі АПБ бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция майоры Б.Баитимиров оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру,құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында бірлесіп жұмыс істеу керектігін айтты. Мектеп оқушыларының арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығын ескертті.Түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз /заңды өкілдерінсіз/жүрмеу керектігін айтты.Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің кәмелетке толмағандар туралы баптары түсіндіріліп,құқық бұзушылыққа бармауы ескертілді.
3.Үшінші мәселе бойынша Мектеп психологы А.Нысанова «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасы туралы бейнеролик көрсетіп,жағымды көңіл-күй орнатты.
4. Төртінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Канибетова «Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі алатын орны», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құндылықтар және оның іске асырылу туралы айтып, таныстырылды. 5. Бесінші мәселе бойынша қорытынды сөзді мектеп директоры Л.Кокрекбаева ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қоршаған ортасын бақылау қажеттілігі жөнінде кеңестер берді.
Шешім:
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бақылауға алынып, профилактикалық жұмыстары күшейтілсін.
- Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналар тарапынан қатаң бақылауға алынсын.
Жиналыс төрайымы: Л.Кокрекбаева
Хатшы: А.Еставлетова