Абайдың «Қара сөздері» атты облыстық буктрейлер
Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай
Абайдың «Қара сөздері» атты облыстық буктрейлер
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында 2025 жылдың қазан айының 15 күнінде Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Абайдың «Қара сөздері» атты буктрейлер мектепішілік байқау өткізілді. Мектепішілік шығармашылық байқауға 7-8 сынып оқушыларынан 3 оқушы қатысты. Олар 7 сынып оқушылары Жетпіс Нұрсұлтан,Аманбай Аяулым,8 сынып оқушысы Орын Адина.
Аталған оқушылар Абай Құнанбайұлының “Қара сөздері” шығармасына арналған мектепішілік буктрейлер байқауына белсене қатысты. Әр оқушы өз таңдап алған қара сөзіне сәйкес бейнеролик түсіріп, көркемдік және танымдық тұрғыдан жоғары деңгейде жұмыстар ұсынды.Соның ішінде Орын Адина Абайдың 17-қара сөзіне арналған буктрейлер жасап, терең мазмұны мен шығармашылық шеберлігі арқылы мектепішілік байқауда І орынға ие болды. Осы жетістігі арқылы ол аудандық кезеңде де 1 орын алып облыстық кезеңге жолдама алды. Қалған оқушыларға Алғыс хат берілді. Байқау жұмыстарына әдістемелік жетекшілік жасаған – мектеп кітапханашысы Каимбаева М.А. 

