02
февраль
2022
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп» атты мектепішілік байқау
![](/uploads/posts/2022-04/1649403265_1649402406765.png)
Қатысқандар: 9–10 сыныптар
Мақсаты: Кітапхана оқырмандарының кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру;
Білім беру ұйымдары кітапханаға келушілер санын ұлғайту;
Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың сөздік қорын молайту;
Кітап оқуға тартудың инновациялық әдістер мен тәсілдерін қолдауға ынталандыру;
Оқушылардың рухани дамуына ықпал ету;
Ақпан айының 28- і күні мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп» атты мектепішілік байқау өткізілді. Байқауға 9-10 сынып оқушыларынан 4 оқушы қатысты. Олар 9- сынып оқушылары Жұмағалиева Динара, Жұбат Балбибі, 10- сынып оқушылар Амандық Әсел, Бегаділ Бексұлтан қатысты.
Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:
1.«Менің сүйікті кітабым» атты бейнеролик. Оқырманның өзін- өзі таныстыруы;
2.«Абайдың қара сөздері» М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай ақынның «Абай жолы» шығармасын мәнерлеп оқу(уақыт-5 минут).
3. «Сөз маржанын терейік!»(Жасырынған мақал-мәтелдерді табу).
4. «Ізден,талаптан,қырман!»тақырыбында «Суретке қарап кітапты тап» ойыны (Ұсынылған суреттерден кітаптың атын,авторын тауып кейіпкерін табу ).
Сайысқа қатысушылар барлық кезең талаптарына өздерінің тиянақты дайындалып келгендіктерін көрсетті. Атап айтар болсақ 10- сынып оқушысы Бегаділ Бексұлтан өзінің «Менің сүйікті кітабым» атты бейнеролик кезеңі бойынша С. Мұратбековтың «Жусан иісі» атты шығармасына керемет талдау жасап көрсетті. 9- сынып оқушысы М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіне тамаша талдау жасағандығын көрсетті.
ІІ бағыт бойынша «Абай жолы» шығармасын мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Бұл кезеңде Жұмағали Динара өзінің мәнерлеп оқуымен көзге түсті. Үзіндіні нақышына келтіріп оқып, көрерменді тәнті етті.
Келесі кезең бойынша мақал- мәтел сайысына түскен оқушылар өздерінің тапқырлықтарын көрсетті. «Суретке қарап кітапты тап» кезеңі өте қызықты әрі тартысты өтті. «100 кітап жобасы» бойынша кітаптар ұсынылды. Атап айтсақ М. Мағауиннің «Бір атаның балалары», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармаларын оқушылар бірден тапты. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын бірден біліп, ұпайларын қанжығаларына байлады.
Сайыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 9- сынып оқушысы Жұмағали Динара І орынмен марапатталды. Қалған оқушыларға Алғыс хат берілді. Өткізілген іс- шараның материалдары мен анықтамасы жасалып, арнайы папкаға жинақталды.
![](/uploads/posts/2022-04/1649403219_1649402399589.png)
![](/uploads/posts/2022-04/1649403218_1649402412912.png)
![](/uploads/posts/2022-04/1649403221_1649402421134.png)
![](/uploads/posts/2022-04/1649403216_1649402430082.png)
![](/uploads/posts/2022-04/1649403202_1649402438455.png)
![](/uploads/posts/2022-04/1649403305_1649402446419.png)