«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Абай Құнанбайұлы» ауылының
«Абайдың балалық шағы» Тәрбие сағаты
Анықтама
Өткізілген күні:29.11.23ж.
Өткізілген орны: 5 «В» сыныбы
Қатысқандар: 5 «В» сынып 17 оқушы,сынып жетекші Абилдаева А.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ мектебінің 5 «В» сыныбында
2023 жылы қараша айының 29 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Абай Құнанбайұлы» ауылының «Абайдың балалық шағы» дауыстап оқу сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты:
Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беру;
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту;
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу,сөз өнеріне, саз өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту;
Сабақтың басында Абай Құнанбайұлы туралы құнды ақпараттар берілді. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.Интер белсенді тақтадан слайдтарды көрсете отырып ұрпақ туралы, тәрбиенің маңыздылығын қара сөздері арқылы түсіндіріп өттік. Оқушылар Абайдың әнін хормен орындап, сабаққа белсене қатысты. Абайдың аудармаларымен таныстырып, өлеңдерін оқыды.
Қорытындылай келе оқушылар сабаққа белсене қатысып, қорытынды сұрақтарға жауап берді. Оқушылар сабақтың соңында сабақ өте ұнағандығы туралы сабаққа кері байланыс берді.
![](/uploads/posts/2023-12/1701929702_1701929629025.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1701929712_1701929658280.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1701929652_1701929651289.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1701929686_1701929643481.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1701929709_1701929635874.png)