«Поэзия падишасы» атты буктрейлер мектепішілік байқауы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай
«Поэзия падишасы» атты буктрейлер мектепішілік байқауы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында 2024 жылдың қазан айының 21 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздегі кітапханада Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай «Поэзия падишасы» » атты буктрейлер мектепішілік байқауы өткізілді.
Байқауға 7-9 сынып оқушыларынан 4 оқушы қатысты. Олар 7 сынып оқушылары Зарип Индира,Қадыр Ақбота,8 сынып оқушысы Бегадыл Айша,9 сынып оқушысы Байзак Айнура қатысты.
Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:
1.1Буктрейлер-заманауи арнайы эфектілер мен анимацияларды қолдана отырып,кез-келген кітап туралы еркін көркем түрде баяндайтын бейнебаян.
1.2Буктрейлер Фариза Оңғарсынованың шығармасы немесе оның өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптарының негізінде жасалады.
1. Сапалы бейнеленген,ұзақтығы 3-5 минутқа дейінгі бейнебаян жасау.
Байқауға қатысушылар барлық кезең талаптарына өздерінің тиянақты дайындалып келгендіктерін көрсетті. Атап айтар болсақ 7- сынып оқушысы Қадыр Ақбота өзінің Буктрейлер Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармасына керемет талдау жасап бейнеролик көрсетті. 9 сынып оқушысы Байзақ Айнур орыс тылынде өмірі мен шығармасына керемет талдау жасап бейнеролик көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 7- сынып оқушысы Қадыр Ақбота, 9 сынып оқушысы Байзақ Айнур І орынмен марапатталып екінші кезендегі аудандық байқауға өтті.Қалған оқушыларға Алғыс хат берілді. Өткізілген іс- шараның материалдары мен анықтамасы жасалып, арнайы папкаға жинақталды.
