Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы
17
сентябрь
2025

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының хаттамасы

«Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының 

 хаттамасы


Өтілген күні: 17.09.2025 жылы  сағат 1030

Қатысқандар: 

Аудандық ардагерлер кеңесі Жұматаев М.

Аудандық мәслихат депутаты Сейсенбаев Н.

Аудандық полиция бөлімінің өкілі Майнаусов А.

Ауылдық округ әкімі Қалысбаев Е

Білім бөлімінің сектор меңгерушісі Иманалиева З.Б.

Ата-аналар: 63 

10-11 сынып оқушылары 


Күн тәртібінде:


Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың қылмысының                алдын-алу.


Тыңдалды:


     Мектеп директоры Кокрекбаева Лайла Болысбекқызы жиналысқа қатысып отырған ата-аналармен оқушыларға келген қонақтарды таныстырды.

        Меркі ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары полиция подполковнигі Айдос Майнаусов қазіргі таңда кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша жан-жақты ақпарат берді.  Құқық бұзушылықтың алдын-алу бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі екендігі айтылды. Мектеп оқушыларының арасында  ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығы ескертті.Түнгі уақытта   ата-ананың қарауынсыз /заңды өкілдерінсіз/жүрмеу керектігін айтты.

         Аудандық ардагерлер кеңесі мүшесі  М.Жұматаев отбасындағы тәрбие– әрбір адамның алғашқы тәрбиесін алатын алтын ұясы, бала дүниеге келген сәттен бастап оның бойына адамгершілік, еңбекқорлық, ізеттілік сияқты асыл қасиеттер дарытуда ата-ананың орны ерекше екендігіне тоқталып. Әсіресе әке мен ананың бірлігі, үлгі-өнегесі – баланың болашақ тұлғалық дамуына тікелей әсер ететіндігін. Бүгінгі қоғамда әке мәртебесін көтеру, оның тәрбиедегі белсенділігін арттыру – өте өзекті мәселе. Әкені тек асыраушы ретінде емес, тәрбиелеуші, рухани 

жетекші ретінде тану қажет. Ата-ана бірлесе отырып, баласына шынайы қамқорлық пен жауапкершілік танытса – ұлттың келешегі де жарқын болатындығын айтты.

Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі З.Б.Иманалиева ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қоршаған ортасын бақылау қажеттілігі жөнінде кеңестер берді. Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында үштік одақ құрып,мектеп,оқушы және ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,24/7 бақылауда ұстау керектігі айтылды. Баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау және оны шектеу,балаға әрдайым ашық болу, кез келген қиындықты бөлісуге шақыру. Ата-ана мен бала арасында сенімді қарым-қатынас орнату маңыздылығын айтып өтті.

Мектеп психологы А.К.Нысанова «Сен және Мен әлемді бірге өзгертеміз!»тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді.

 Мақсаты: жасөспірімдер бойындағы агрессивті мінез-құлықтың шығу себептерін анықтау.Тренинг барысында психолог тарапынын қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді.Сондай-ақ қиын баланың бойындағы қасиеттерін анықтау барысында эксперимент жасап,ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізді.




Шешім қабылданды:

- Алдағы уақытта ақсақалдар алқасы мен бала қауіпсіздігіне байланысты  ата-аналар мен оқушылар арасында кездесулер ұйымдастырып,түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

- Баланың жүріс-тұрысына, араласатын ортасына бақылау орнату.  Интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.  

- Балада қандай да бір өзгеріс байқалса, мектепке немесе тиісті органдарға хабарлау.

- Ата-аналарға мектеппен, сынып жетекшісімен тұрақты байланыста болу.

- Белгілі себептермен жиналысқа қатыспаған ата-аналарға бала қауіпсіздігіне байланысты  ақпаратты  жеткізу үшін тағы да ата-аналар жиналысын өткізу.

                 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: