«Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу»
Аманжол тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың
9 қаңтарында «Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу»,«Жол көлік қауіпсіздігі,жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке» тақырыптарында 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік ережелері мен құқық бұзушылықтың,мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу.Кездесуге АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Баисов Ж.Б., Меркі УИП полиция капитаны Е.Қасымов ,ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Мұхтар Т.Қ. қатысты. Кездесу барысында Т.Қ. Мұхтар жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік ережелері мен құқық бұзушылықтың,мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу,балалар қауіпсіздігіне арналған ережемен таныстырып өтті.
Қойылған сұрақтарға құқықтық ақпарат толық беріліп,мазмұнды жауаптар алынды.