Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы туралы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы туралы
13
сентябрь
2023

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы туралы

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы туралы


    13.09.2023 жылы сағат 12.00-де мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

      Жиналысқа Меркі ауданының білім бөлімінің  әдіскері Д. Кошербаев.,

АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Баисов Ж.Б.,  Меркі АПБ УҰИ бастығы Исмагулов Б., АПБ КПБ полиция майоры Итжанов Д. С.,

ЖПҚб УПИ полиция капитаны Даулетов А. С., ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция  лейтенанты Мұхтар Т.Қ. қатысты. Олар кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу бойынша әңгіме жүргізді. 

Жалпы бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі  болып тұр. Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылуда. Мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде ата-аналармен кездесу өткізілуде. 

   Дені сау, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірақ баланың теріс іс-әрекетіне полиция немесе білім ұйымдары жауапты емес, оған жауапты ата-аналар екендігі түсіндірілді.

  Сонымен қатар жиында, полиция қызметкерлері жол қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізді. Қазіргі таңда балардың электросамакаттарды және электромоторольдерды айдауына қатаң тыйым салынады. 16 жасқа толмаған балалардың айдап жүріп, полиция қызметкерлеріне ұсталған жағдайда ата-аналарына айыппұл салынатындығы ескертілді. 






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: