« Оқуға құштар ұрпақ» тақырыбында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл-тәрбие негізі» атты презентация-көрсетілім
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
« Оқуға құштар ұрпақ» тақырыбында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының
«Тіл-тәрбие негізі» атты презентация-көрсетілім
Анықтама
Өткізілген күні: 09.09.2025ж.
Қатысқандар: 2 сынып оқушылары
Мақсаты: оқушылар бойына ана тілді сүю,қастерлеу сезімін ұялату.Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыра отырып,сөйлеу тілінің қолданы аясын кеңейту.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жас ұрпақ бойына насихаттау мақсатында мектеп кітапханашысы мектеп оқушыларымен «Тіл-тәрбие негізі» атты презентация-көрсетілім ұйымдастырды. Шараға 2 сынып оқушылары белсене қатысты. Презентация-көрсетілім барысында:
А.Байтұрсынұлының өмірбаяны мен еңбектері туралы мультимедиялық таныстырылым ұсынылды. Оқушылар ғалымның қанатты сөздерін жатқа айтып,өз ойларымен бөлісті.Іс-шара оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып,тілге деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.Сөз соңында кітапханашы шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтып, ана тілімізді құрметтеуге шақырды.


