«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Ахмет Байтұрсынов » ауылының
«Ахмет Байтұрсынов- ұлт ұстазы » атты тәрбие сағаты.
Анықтама
Өткізілген күні: 08.11.24 ж.
Өткізілген орны 7 «А» сынып
Қатысқандар: 7 «А» сынып оқушылары , барлығы -17 оқушы
Сынып жетекшісі: Кораласбаева Д.С.
Мақсаты: Бар ғұмырын халық жолына арнаған Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолымен , шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2024 жылдың қараша айының 8 күні. « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ахмет Байтұрсынов» ауылының 7 «А» оқушыларымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны туралы тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты Оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отан сүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.