14
май
2025
«Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты тақырыпта өткізілетін он күндіктің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 14 - 24 мамыр аралығында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты тақырыпта өткізілетін он күндіктің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Іс-шара барысында оқушылардың жолда жүру мәдениетін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған тәрбиелік-профилактикалық іс-шара.
Мақсаты:
- Жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін тереңдету.
- Балалардың көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрысын қалыптастыру.
- Жолда өзін-өзі дұрыс ұстауға, сақтық пен зейінділікке тәрбиелеу.
- Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыру.
- Мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты күшейту арқылы жол апаттарының алдын алу.
Он күндіктің ашылуында оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тақырыптық бұрыштар мен плакаттар таныстырылды. Сонымен қатар ДҚТІЖО және «Жас сақшылар» қатысып, маңызды кеңестер мен нақты нұсқаулар берді.
Он күндік аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар балаларды жолда қауіпсіз жүріп-тұруға баули отырып, олардың өмірін сақтау және жарақат алу жағдайларының алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.