мектепішілік “ Үздік оқырман” кітап оқу байқауы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектепішілік “ Үздік оқырман” кітап оқу байқауы
23
апрель
2025

мектепішілік “ Үздік оқырман” кітап оқу байқауы

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ

23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай 

мектепішілік “ Үздік оқырман” кітап оқу байқауы

Анықтама

Өткізілген күні: 23.04.25 ж.

Өткізілген орны: мектеп АКТ залы

Қатысқандар: 80 мектеп оқушылары,16 мектеп ұстаздар.

Мақсаты:Оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып,тұрақты түрде кітап оқу әдетін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.Сонымен қатар,бұл байқау арқылы оқушылар арасында рухани құндылықтарды насихаттап, оқырмандық белсенділікті арттыру көзделеді.

    Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінде   23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай мектепішілік “ Үздік оқырман” кітап оқу байқауы ұйымдастырылды.Оқушылардың кітап оқуға қызығушылын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілік қалыптастыру, жетекші оқырмандарды анықтау және марапаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға 5-9 сынып білім алушылары қатысты. Байқау шарты бойынша байқаудың І, ІІ кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың білімін арнайы дайындалған тест сұрақтары арқылы бағаланды. Сайыс нәтижесі бойынша ІІІ орын 9- сынып оқушысы Қартбай  Майраға , ІІ жүлделі орын 7- сынып оқушысы Зарипбай Индираға, І орын 7- сынып білім алушысы Жасағанберген Нұрболатқа бұйырды. Қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар мен арнайы мақтау қағаздары берілді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: