08
апрель
2019
Үздік кітап байқауы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖББМ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ең үздік кітап оқитын мектеп» , « Оқитын мектеп- табысты мектеп »
номинациясы, «Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясы
Анықтама
Мектебімізде наурыз айынының 19- ы жұлдызында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген «Ең үздік кітап оқитын мектеп» «Оқитын мектеп- табысты мектеп» номинациясы, «Ізден, талаптан, оқырман!» атты байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Кітапхана оқырмандарын рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, оқушылар мен жастар ортасында кітап оқуды тиімді насихаттайтын білім беру мекемелерін қолдау және мадақтау мақсатында өткізіледі. Байқауға мектебіміздің 6- 10- сынып оқушылары қатысты. Сайыс 2 кезеңнен тұрды.
1. «Оқитын мектеп- табысты мектеп» номинациясы
( «100 кітап» жобасы аясында кітаптар тізімі бойынша шығарма үзінділерін сахналау)
2. «Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясы
(Көркем шығармалардан сұрақтарға жауап береді)
Сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баякова К. Т., психолог Нысанова А. К. , музыка пәні мұғалімі Аманқос А., кітапханашы Каимбаева М. А. төрешілік жасады.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі мен , «Жусан иісі» шығарамасынан үзінді қойды. Оқушылар шығарманы түсініп оқығандықтарын білдірді. Әсіресе, Қожаның рөлін сомдаған оқушы көрерменді еріксіз сендірді.
7 а, ә сынып оқушылары Мұхтар Мағауинның «Бір атаның балалары» шығармасын дайындап келген. Сахналық қойылым өте әсерлі шықты. Оқушылар тыңғылықты дайындықпен келген екен. Бір әттегенайы оқушылар сахнада сөздерінен шатасып, ұмытып жатты.
Әзілхан Нұршайықовтың « Ақиқат пен аңыз» атты шығармасын 8 А сыныбы мен 8 «Ә» сыныбы жеке- жеке дайындап, көрсетті. Оқушылардың дайындықтары өте жақсы. Сахналық қойылымды асқан шеберлікпен ойнап шықты. Көрерменді өзіне баурап алатын өте әсерлі қойылым болды.
Келесі сахналық көрініс Мұхтар Мағауинның «Бір атаның балалары» шығармасының желісінде дайындалған. Мектебіміздің 10- сынып оқушылары дайындаған сахналық қойылым, көрерменнің көңілінен шықты. Тіпті көз жасына ерік беріп, өз әсерлерімен бөлісіп отырды.
Сахналық қойылым дайындаған барлық сыныптарға және сынып жетекшілеріне алғыс айтылып, кезек «Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясына берілді.
Бұл кезеңде көркем шығармалардан сұрақтар қойылады. Жауап беруге әр сыныптан бір ғана оқушы қатысты. Шарты: Сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап беру керек. Сұрақтардың басым бөлігі қазақ әдебиеті пәнінен болды. Қойылған сұрақтарға тосылмай жауап берген 8 сынып оқушылары Торабай А. мен Балтабаева И.өздерінің білім қорының мол екендіктерін байқатты.
Әділ- қазы алқаларының қорытындысы бойынша:
« Оқитын мектеп- табысты мектеп » номинациясы бойынша:
І орын – 8 «а» сынып оқушыларына
ІІ орын – 7 «Ә» сынып оқушыларына
ІІІ орын- 6 «а» сынып оқушыларына берілсе, ал 8 «Ә» , 9 «а»,«ә» , 10 «а» сынып оқушылырына марапат қағаздары табыс етілді.
«Ізден, талаптан, оқырман!» номинациясы бойынша үздік атанған 8 «ә» сынып оқушысы Балтабаева И. марапатталды. Шараны қорытындылау үшін кітапханашы Кайымбаева М. А. Баякова К. . сөз кезегін берді. Баякова К өз сөзінде шараға қатысқан оқушылар мен сынып жетекшілеріне алғыс айтып, осындай сайыстардың көптеп ұйымдастырылуына тілекші екендіктерін айтып өтті.
![Үздік кітап байқауы Үздік кітап байқауы](/uploads/posts/2019-04/1554721208_1100.png)
[center]![Үздік кітап байқауы Үздік кітап байқауы](/uploads/posts/2019-04/1554721163_11000.png)
[/center]

[center]
![Үздік кітап байқауы Үздік кітап байқауы](/uploads/posts/2019-04/1554721163_11000.png)
[/center]![Үздік кітап байқауы Үздік кітап байқауы](/uploads/posts/2019-04/1554721231_110000.png)
[center]
![Үздік кітап байқауы Үздік кітап байқауы](/uploads/posts/2019-04/1554721231_110000.png)
[center]
![Үздік кітап байқауы Үздік кітап байқауы](/uploads/posts/2019-04/1554721219_1100000.png)