«Абайды оқы,таңырқа...» тақырыбында аудандық байқауы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған
«Абайды оқы,таңырқа...» тақырыбында
аудандық байқауы өтті
Байқаудың мақсаты: Ақын,ұстаз ағартушы,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ,сазгер,аудармашы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту; рухани-адами тәрбие беру,ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыру;оқу мәдениеті мен сауаттылықты нығайту;кітапханаға бетбұрыс жасау.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2025 жылдың 1 сәуір күні «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайды оқы,таңырқа...» тақырыбында аудандық байқауы өтті.
Байқауға мектебіміздің 6 – сынып білім алушысы Аманбай Аяулым қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Оқу мәдениеті мен сауаттылықты нығайту, кітапханаға бетбұрыс жасау мақсатында ұйымдастырылған сайыста Аманбай Аяулым топ жарып, өзінің білімділігін көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


