«2025 жыл-Әулие ата кітап оқитын өңір» тақырыбында «Абайды оқы, таңырқа» атты байқау ұйымдастырылды
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«2025 жыл-Әулиеата кітап оқитын өңір»
«Абайды оқы, таңырқа» атты байқау
Анықтама
Өткізілген күні: 04.03.25 ж.
Өткізілген орны: мектеп конф.зал
Қатысқандар: 6-9 сынып оқушылары
Мақсаты: Абай Құнанабайұлының балаларға арналған сан алуан тақырыптағы танымдық- тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақ тілі мен әдебиетіне , мәдениетіне деген ықыласын арттыру; оқу мәдениеті мен сауаттылығын нығайту.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 4 –і күні «2025 жыл-Әулие ата кітап оқитын өңір» тақырыбында «Абайды оқы, таңырқа» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау төмендегі талаптар бойынша өтті.
І. Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын ;
ІІ. Әдеби бәйге ;
ІІІ. Портрет галлереясы ;
Сайысқа 6-9 сыныптарынан оқушылар қатысты. Берілген тапсырмаларды орындау арқылы, өз білім – біліктерін көрсетті. Арнайы қазылар алқасы бекітіліп, сайысқа төрелік етті. Оқушылар Абай Құнанабайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Портреттегі бейненің кім екендігін тауып, өз ұпайларын алды. Қазылар алқасының шешімімен жоғары ұпай жинаған сайыскер анықталып, олар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша 6- сынып оқушысы Аманбай Аяулым жеңімпаз атанып, аудандық байқауға жолдама алды.