19
октябрь
2021
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Анықтама
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖББ мектебінде 2021 жылы қазан айының 19-21 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздегі кітапхана ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын арттыру,оқырмандарды оқу сауаттылығына машықтандыру,тәрбиелеу,кітаптарға қызықтыра білуге үйрету,ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында «Бір уақытта кітап оқу» атты кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.Іс-шара кітапханада пандемия кезеңіне орай,санитарлық талапқа сай даярланды.
Іс-шара 3 бөлімнен тұрды және 3 күнге созылды,бұл жағдаятқа байланысты көпшіліктің шоғырланып жиналмауының алдын алу мақсатында ойластырылған еді.
І-бөлім.Мектеп әкімшілігі даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай ,батыр-жазушының шығармаларымен таныса отырып,ұнаған тұстарынан шағын ойда қалған көріністерін қағаз бетіне эссе түрінде жазды.Жазылған эсседе оқырмандардың жазушының еңбектерін қаншалықты деңгейде жақсы меңгергендіктері аңғарылды.Батыр бабамыздың шығармаларының тақырыбы мен тәрбие саласындағы ауқымды ойлары тілге тиек етілді.
ІІ-бөлім.Сонымен қатар мектеп ұстаздары қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы,ұлы ойшыл,қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай атамыздың қара сөзінен оқи отырып,шағын эссе жазды.Жазылған әрбір еңбектен әр оқырманның ұлы ойшылға және оның шығармаларына деген үлкен сүйіспеншілігі сезіліп тұрды.Бірнеше ұстаз Абайдың қара сөзін жатқа айтып,өздерінің сауаттылығымен шаттанды.
ІІІ-бөлім.Мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаев-оқырман ықыласына бөленген жазушының «Менің атым Қожа» повесін 10 минут оқып,3 минуттық эссе жазды.»Менің атым Қожа»повесінен Қожа –бейнесі қазақ балалар әдебиетінің әлі күнге дейін қызығушылығын жоғалтпаған кейіпкерді талдап,өз ойларын ортаға салды.Сол кезеңдегі балалар өмірі мен қызығушылықтарын қазіргі заманмен салыстырып,тәрбиелі әңгіме жүргізді және өздері секілді достарына осы шығармамен танысып,оқып шығуға кеңестерін берді.Іс-шара өз дәрежесінде өткізілді.