Діни экстремизм хаттамасы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм хаттамасы
12
февраль
2019

Діни экстремизм хаттамасы

[/center]А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектеп


Интернационал ауылы 7.02. 2019 ж.

«Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар» тақырыбындағы аудандық ішкі істер басқармасы мамандарының қатысуымен кездесу өтырысының
хаттамасы

Төрағалік етуші: Алғашқы әскері даярлық мұғалімі
Қатысқандар: мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлер /46 адам/
Шақырылған қонақтар: Меркі аудандық ҰҚК бөлімінің қызметкері Нығметов Марат Жеңісұлы, Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға уәкілі полиция майоры Байтаков Ербол Мыңбайұлы.

Күн тәртібінде:

1. «Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимылдар» терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу

Тыңдалды:
1. Кіріспе
Мектепте діни экстремизм идеяларының таралуын болдырмау және алдын алу жұмыстары барысында бір қатар ағымды жұмыстар жүргізуде, соның бірі бүгінгі болғалы отырған кездесуымыз.
Кездесуге келген қонақтарды таныстыру
1.Меркі аудандық ҰҚК бөлімінің қызметкері Нығметов Марат Жеңісұлы, 2.Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға уәкілі полиция майоры Байтаков Ербол Мыңбайұлы
2. Сөз кезегі қонақтарға берілді.
1.Меркі аудандық ҰҚК бөлімінің қызметкері Нығметов М.Ж.
Террористік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын адам немесе топтасқан қауым «террорист» деп аталады. Террорист жеке адам және қоғам тыныштығын бұзатын, мемлекет тәртібі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе қатерге ұшырататын іс-шараларды, заңға қайшы жұмыстарды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Айналаңызда қараусыз қалған сөмке, қорап, түйіншек, чемодан, қапшықтарға әсіресе олардың ішінен шығып тұрған сымдар мен техникалық құрылғыларға, сондай-ақ, қоғамдық көліктерде күдікті, оғаш қылықты
- күдікті заттарды сақтаудан немесе жолда тасымалдап көмектесуден бас тартыңыз;
- құқық қорғау органдары қызметкерлері жеке бас құжаттарын тексергенде түсіністікпен қараңыз және оларға көмек көрсетіңіз;
- қалыптасқан жағдай туралы жаңалықтарды қарап отырыңыз.
2.Меркі АПБ ЭҚІҚТ аға уәкілі полиция майоры Байтаков Ербол Мыңбайұлы
Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Терроризм актісі жасалуының нақты мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде, - жеке басты күаландыратын құжатыңызды барлық жерде және үнемі өзіңізбен бірге алып жүріңіз;
Аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз;
Өзіңіз отырған ғимаратта сыртқа шығатын қосымша есіктердің болуын тексеріп, ғимарат сызбасын зерделеңіз;
Көлемді жүк алып жүрмеуге тырысыңыз;
Үйіңіздің жанында бейтаныс адамдардың және автокөліктердің пайда болуына назар аударыңыз.

[center]Діни экстремизм хаттамасы
Діни экстремизм хаттамасы









Мектеп директоры: Сейтказиев Р.З.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: