11
март
2025
«Ұл бала тәрбиесі жауапты іс », «Қоғамдық жерде тәртіп бұзу, оның жауапкершілігі» тақырыбында пікір алмасу, түсіндіру жұмыстары
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде наурыз айының жоспары аясында «Жасөспірім» профилактикасы барысында мектеп инспекторы Қ.Шолпанбаев, мектептің «Жас сақшылары» және ДҚТЖО Н.Шалданбаевтың ұйымдастыруымен 7-10 сынып білім алушыларына наурыз айының 11 күні «Ұл бала тәрбиесі жауапты іс », «Қоғамдық жерде тәртіп бұзу, оның жауапкершілігі» тақырыбында пікір алмасу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұл бала тәрбиесінің мақсаты – болашақ ер азаматтарды жан-жақты, жауапкершілікті, әдепті, іскер және рухани жағынан жетілген тұлға етіп тәрбиелеу. Ол үшін ұл балаларға салауатты өмір салтын ұстануға, қоғамда өз орнын табуға, адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге және өз эмоцияларын дұрыс басқаруға үйрету қажет.
Әкімшілік құқық бұзушылықтарға мынадай мысалдар келтіруге болады:
1. Жол қозғалысы ережелерін бұзу (мысалы, жылдамдықты асыру, жолда жүру ережелерін сақтамау).
2. Қоғамдық орындарда тәртіпсіздік жасау (мысалы, қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе ұрыс шығару).
3. Қоршаған ортаны ластау (қоқыс тастау, заңсыз кесілген ағаштар).
4. Салық немесе әкімшілік төлемдерден жалтару.