31
январь
2025
«Заң және тәртіп» айлығы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Заң және тәртіп» айлығы аясында ДҚТЖО Н.Шалданбаевтың және лекторлық топ мүшесі Н.Ә.Қоңқабаевтың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні 9-11 сынып оқушыларына «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында дәріс оқыды. Бұл тақырыптың негізгі мақсаты :оқушыларға заңның маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және әр адамның өз құқықтары мен міндеттерін білуге деген жауапкершілігін қалыптастыру.



