«Тату достар-әлемді сақтар!»тақырыбында жиналыс
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 3 мамыр күні «Тату достар-әлемді сақтар!»тақырыбында 8-11 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді. Білім алушыларға дәріс оқып, отбасындағы бала тәрбиесі, құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде, ата-ана мен баланың құқығы мен міндеттері, ата-ананың жауапкершілігі жөнінде әңгіме жүргізілді. Жиналыс барысында мектеп оқушыларына жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыстар және қылмыстық жауапкершілік туралы, кибербуллинг, буллинг, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірме мәліметтер айтылды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы 442 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығы туралы, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары мен оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы ескертілді.Жасөспірімдер арасында татулық,достық,ұлттық құндылықтар туралы әңгіме-сұхбат алынды.Сонымен қатар мектептің дәлізінде «Сенім жәшігі», «Стоп буллинг»және сенім телефондарының жұмысы туралы білімдерін пысықтады.Мектеп қабырғасында білім алушы өскелең ұрпақ – осы елдің арқа сүйер тірегі , болашақ жастардың қолында . Сол себепті де, ер балалардың бос уақытын тиімсіз, бос әуреге арнап өткізбей, салауатты өмір салтын сақтаулары керек екенін, ретке келтіріп, уақытымен ұйықтап, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек. Мектепте түрлі спорттық үйрмелер жұмыс атқарады, ер балалар сол үйірмелерге қатысып, денсаулықтарын жақсартулары керек.