«Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18-ші желтоқсан күні мобильді топ мүшелері, «Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» тақырыбында 7-11 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді. Білім алушыларға дәріс оқып, отбасындағы бала тәрбиесі, құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде, ата-ана мен баланың құқығы мен міндеттері, ата-ананың жауапкершілігі жөнінде әңгіме жүргізілді. Жиналыс барысында мектеп оқушыларына жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыстар және қылмыстық жауапкершілік туралы, кибербуллинг, буллинг, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірме мәліметтер айтылды.ДҚТЖО А.Тлембаева мен АӘДП мұғалімі Н.Шалданбаев білім алушыларға өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып,құқық бұзушылыққа итермелейтін жайттар туралы ақпарат берді.Қылмыс,ұрлық,әлімжеттілік,бопсалау жасаған оқушылар заң еясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтылды.