«Ұрлық-түбі қорлық» тақырыбында кездесу » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұрлық-түбі қорлық» тақырыбында кездесу
13
май
2024

«Ұрлық-түбі қорлық» тақырыбында кездесу

Жеткіншектің жеті жарғысы жобасы аясында «Ұрлық-түбі қорлық» тақырыбында кездесу өткізілді.

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 13 мамыр  күні 1-11 сынып оқушыларымен «Ұрлық – түбі қорлық» тақырыбында Меркі  АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның  аумақтық инспекторы   полиция лейтенанты Т.Мұхтар,ДҚТЖО А.Тлембаева кездесу өткізді. 

Халқымыздағы қалыптасқан қағидаға сай қылымыс жасау – тәрбиесіздіктің белгісі. Ұлтымыз үшін ұрлық істеу тіпті ұят нәрсе. Сол себепті де қазақ халқы «Ұрлық түбі –қорлық» деп, өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үндеген.

Бөтеннің мүлкін рұқсатсыз алып,иемдену заң аясында қудаланатындығы ескертілді. Ұрлық туралы Қылмыстық Кодекстің «Меншiкке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауында жазылған. Оның 175-бабы «Ұрлық» деп аталды.Ұрлық,қылмыстық құқықта – мүлікті жасырын қымқыру. Ұрлық қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың қатарына жататындығы ескертілді.Кездесу барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мен бала қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Құқықтық ақпарат толық беріліп,мазмұнды жауаптар алынды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: