«Құқық бұзушылық пен әлімжеттілікке жол жоқ»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 2 қазан күні «Әлімжеттілікке жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізілді.Іс-шараға Меркі АПБ ЖПҚБ УИП полиция капитаны Қасымов Ержан Асанович, Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аумақтық инспекторы полиция лейтенанты Шолпанбаев Қуаныш Нұрлыбекұлы Меркі АПБ жедел уәкілі полиция лейтинанты Қанатбек Дәулет қатысты.
Іс-шараның мақсаты : оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, құқық бұзушылыққа итермелейтін жайттар туралы ақпарат беру. Кездесу барысында қылмыс, ұрлық, әлімжеттілік жасаған оқушылар заң аясында жауакершілікке тартылатындығы туралы айтылды. Кездесуде оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтарына толық жауаптарын алды.