«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Мұқағали Мақатаев» ауылының
«Әр өлеңі-бір әлем» атты тәрбие сағаты
Анықтама
Өткізілген күні: 07.11.24ж.
Өткізілген орны: 7 «В» сынып
Қатысқандар: 7 «В» сынып оқушылары,барлығы-13 оқушы,сынып жетекші Есентаева А.
Мақсаты: Әдебиетіміздің бірегей ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевтың өмірі жолымен,шығармашылығымен оқушыларға таныстыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2024 жылдың қараша айының 7 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мұқағали Мақатаев» ауылының 7 «В» сынып оқушыларымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны туралы тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға ақын М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, оқушыларға шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, балалардың поэзияға деген ынтасын арттыру, тіл мәдениетіне баулу. Өнер адамына, еліне, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілікке, ұлтжандыққа баулу.Сабақтың басында оқушыларға психологиялық ахуал қалыптастырылды. Тәрбие сағатымыз 5 кезеңнен тұрды. I кезеңде М.Мақатаевтың өмірбаянымен таныстырып, түсіндірілді. ІІ кезеңде оқушыларға бейнефильмінен үзінді көрсетілді. Оқушылар мұқият тыңдап, көріп болғаннан соң әр оқушы өз пікірлерін білдірді. III кезеңде оқушылардан өлеңдері сұралды. Ізбасар Арайлым «Отан», Бийимбетов Руслан «Үш бақытым» өлеңдерін жатқа айтты.