«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында«Бала тілін тапқан ақын» тақырыбында тәрбие сағаты.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Өтетілеуұлы Ермек» ауылының
«Бала тілін тапқан ақын» тақырыбында тәрбие сағаты.
Анықтама
Өткізілген күні: 07.11.24 ж.
Өткізілген орны 3 «А» сынып
Қатысқандар: 3 «А» сынып оқушылары , барлығы -16 оқушы
Сынып жетекшісі: Алипбаева З.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Өтетілеуұлы Ермек» ауылының 3 А сыныбының оқушыларымен «Бала тілін тапқан ақын» тақырыбында іс-шара өткізілді.Мақсаты: Балалар ақыны Ермек Өтетілеуұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру, балаларды адамгершілікке ,әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікті бойына дарыту, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Балаларға ақынның өмірбаяны және шығармалары жөнінде мағлұматтар берілді. Ақынның балаларға арналған бірнеше кітаптарымен таныстырылды.Балалар Ермек Өтетілеуұлының өмірбаяны бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақтар шешіп, өлеңдерін жатқа айтты.