«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Мұқағали Мақатаев » ауылының
«Әр өлеңі – бір әлем» атты сынып сағаты
Анықтама
Өткізілген күні: 26.01.24ж.
Өткізілген орны: 7 «А» сынып
Қатысқандар: 7 «А» сынып оқушылары, барлығы - 17 оқушы, сынып жетекші Кансултанова Р.
Мақсаты:Әдебиетіміздің бірегей ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 7 «А» сыныбында 2024 жылы қаңтар айының 26 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мұқағали Мақатаев» ауылының 7 «А» сыныбында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Әр өлеңі – бір әлем» атты сынып сағаты өтті.Сынып сағатының мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Сынып сағаты ақынның өмірбаянына арналған суреттерін көрсету мен ақынның өз дауысымен жазылған өлеңдерін тыңдаудан басталды. Сабақ барысында оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, әндерін айтты. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісі бойынша көрініс көрді. Осы көріністің өзінде поэмадағы трагедияны толық көре білді. Ақынға арналған сынып сағат оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.