«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
31
октябрь
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7  ЖББМ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

«Кітап-адамның рухани азығы » 

«Оқырман күнделігі» атты шара


Анықтама

Мақсаты

1.Оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін дағдыландыру;

2.Оқушыны күштеп емес,ерікті түрде кітап оқуға машықтандыру;

3. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;

4. Сөздік қорын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

5. Оқушының рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып,жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға болуына жол ашу.


       Осы мақсатта А. Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында    4-11 сынып білім алушыларына «Кітап-адамның рухани азығы » атты тақырыпта тапсырма берілген еді.Кітап оқу әрі оқыған шығармасы аясында оқырман күнделігін бастау.   Оқырман күнделігі-мәтінмен жұмыс жасаудың бір түрі,соның арқасында оқырман шығарманы талдап,оқылған шығармадан қысқаша қорытынды жасауды үйренеді. Бала оқырман күнделігіне қысқаша мәтінді жазу кезінде,жазу дағдысын жаттықтырады.Сондайақ жады жаттығады,баланың сөздік қоры мен ой-өрісі толығады.Оқырман күнделігін не үшін жүргізу керек?Күнделік жүргізу оқырманды тәртіпке келтіреді:мектеп оқушыларының ата-аналары балалардың оқуға қаншалықты уақыт бөлетінін бақылай алады;ал балалардың өздерін барлық бағандарды толтыру және дәптерде бар болса,барлық тапсырмаларды орындау үшін кітапты тезірек оқуға ынталандырады.Күнделіктегі жазбалар есте сақтауды уйретеді,өйткені қолмен жазылған жазбалар оңай есте қалады.Күнделік жүргізетін оқырмандар шығарманың мәселелерін және автордың негізгі идеясын бөліп көрсету үшін оқығандарын мұқият талдайды.Оқырман   күнделігін үнемі жазып отыру жазбаша сөйлеуді және көркем шығармалардың мазмұнын қысқаша айтуді ,білуді үйретеді.Аталмыш шара бойынша 4 «А»,4 «Ә»,5 «А»,5 «В»,7 «А»,8 «Ә» сынып білім алушыларына белсенділік танытып,тапсырманы тиянақты орындағандары үшін алғыс білдіреміз.Кітапты көп оқиық,достар!                                                                                                                                                                 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: