«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бу-ын-ға бөліп оқимыз» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бу-ын-ға бөліп оқимыз»
24
октябрь
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бу-ын-ға бөліп оқимыз»

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7  ЖББМ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

«Бу-ын-ға бөліп оқимыз» Оқып үйренеміз

(танымдіқ сабақ)


Анықтама

Өткізілген күні: 24.10.2023ж.

Өткізілген орны:мектеп 

Қатысқандар: 1 сыныптар,мектепалды даярлық тобы.

Мақсаты

1.Оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін бастауыш сыныптан дағдыландыру;

2.Оқушыны күштеп емес,ерікті түрде кітап оқуға машықтандыру;

3. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру;

4. Сөздік қорын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

5. Оқушының рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыта отырып,жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға болуына жол ашу.


Осы мақсатта А. Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінде  қазан айының  24 ші күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Бу-ын-ға бөліп оқимыз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараға мектепалды даярлық,1 сынып білім алушылары қамтылды. Бастауыш мектепте буындап оқу дағдыларын қалыптастыру   көзделеді. Буындап оқу арқылы материалды оқушы ғана емес, тыңдаушы да қабылдайды. Іштей үндемей оқуға тек оқып жатқан бала қатысады, алайда түсіну, есте сақтау және оқығанын меңгеру іс-әрекеті жақсара түседі.

Кітапханашы Каимбаева М. А. даярлық сынып және 1 «а», 1 «ә», 1 «б» сынып оқушылары және сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, жоспарға сай арнайы оқулықтарды таныстырды.Буынға оқып үйрену арқылы оқушы бойында өз сөзімен әңгімелеуге ой- өрісін дамыту. Әрекеті де дамитындығы анықталды. Оқушыларға осындай дағдыларын дамыту мақсатында «Көктем келді», «Шалқан», «Ең жақсысы кім?», «Қаздар», «Көмекшілер» атты ертегі кітаптары ұсынылды. Шараға қатысқан оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: